Бейсенбі, 15 қаңтар, 13:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3 (2215)
13.01.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар 2025 жылы Қорға қандай сұрақтармен жүгінді

15.01.2026

59 0

2025 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына кері байланыс арналары арқылы медициналық қызметтерді алу бойынша 701 115 өтінім келіп түсті. Олардың қатарында пациенттердің алғыстары, шағымдары мен ұсыныстары бар.

Қорда мәлімдегендей, өтініштердің басым бөлігі кеңес беру сипатында болды. Азаматтарды МӘМС жарналарын төлеу тәртібі, медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жолдамалар мен еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын рәсімдеу, сондай-ақ медициналық көмекті көрсету шарттары, жеңілдік санаттары мен тізімдердегі өзгерістерге қатысты түсіндірулер қызықтырған.

2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Қор жүйесіне барлығы 23 022 шағым түскен. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 179 шағымға немесе 15,3%-ға аз. 

  Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда қайтарып алынған шағымдардың үлесі 46,2%-дан 50,2%-ға дейін өсті. Атап айтқанда, 23 022 шағымның 11 578-і (50,2%) пациенттерді қолдау қызметтері мен медициналық ұйымдардың ішкі сараптама бөлімдері арқылы «осы жерде және дәл қазір» қағидаты бойынша қайтарып алынған немесе шешімін тапқан.

Қазақстандықтар келесі сұрақтар бойынша ең көп өтінім берген:

  1. медициналық көмекті сапасыз көрсету – 8 678 (37,7%);
  2. медициналық көмек көрсетуден бас тарту – 8 520 (37%);
  3. ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды беруден бас тарту – 3 210 (13,9%).

  Осылайша, өтініштердің негізгі бөлігі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына, сондай-ақ пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз етуге байланысты.

  «МӘМС жүйесі іске қосылғалы Қорда кері байланыстың бірнеше арнасы жұмыс істейді: msqory.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және 1414 байланыс орталығы. Азаматтардан түскен барлық өтінімдер міндетті түрде қаралады және толық шешілгенге дейін бақылауда болады», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Рамазанова.

  Сондай-ақ Қорда азаматтардың өтініштерін талдау денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерді анықтауға, сондай-ақ МӘМС пен ТМККК аясында медициналық көмектің ашықтығын, қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін халықтың кері байланысын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: