Облыс тұрғындары арасында 2024 жылдың 11 айына туберкулез ауруының 349 жаңа жағдайы тіркелді,бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда3‰-ге төмендеген.
Алғаш тіркелген туберкулез ауруының 84,2%-ын тыныс алу жолдары туберкулезі құрады. 87 науқаста туберкулездің жұқпалы түрі анықталды. Атап өтетін жайт – есепті мерзімде тыныс алу жолдары туберкулезі 11%-ға, сондай-ақ туберкулездің жұқпалы түрі 29%-ға төмендеген.
Бұдан бөлек, салысырғанда төмендеу тенденциясы жасөспірімдер арасындағы аурушаңдық бойынша да байқалады, өткен жылмен салыстырғанда 9 жағдайға көрсеткіш азайған. Балалар мен жасөспірімдер арасында өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.
Жас ерекшеліктеріне сәйкес туберкулезбен науқастанғандардың 86 пайызы ересектер арасында, 9 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар арасында және 4,8 пайызы жасөспірімдер арасында тіркелген.
Туберкулездің алдын алуда БЦЖ екпелерін жүргізу, Манту сынамы және флюораграфиялық тексеру жоспарының орындалуы қала, аудандар бойынша оптималды деңгейде.
Уақытша медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты егілмей перзентханадан шыққан сәбилер мерзімді аймақтық емдеу мекемелерінде тиісті екпе алды. Өкінішке орай, 87ана екпе жасатудан бас тартқан, осы контингенттерге сала мамандарымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарының оң көзқарасы қалыптасып, 32 сәби екпе алды.
Ауа барлық адамға ортақ болғандықтан туберкулез бактериясын жұқтырудан ешкім қорғалмаған. Әсiресе балалар мен егде жастағылар үшiн өте қауiптi. Туберкулезбен ауыратын адаммен жақын қарым-қатынас жиi, әрi ұзақ болса, түрлi себептермен ағзаның қорғаныш күшi әлсірегенде туберкулез таяқшалары белсендiлiк танытып, аталмыш аурудың қозуына себепшi болады.
Бүгiнде ауру ерте анықталып, емдеу шаралары уақытылы жасалған жағдайда туберкулезден толық сауығып шығу мүмкіндігі дәлелденген.
Туберкулездің алдын алудың тиімді әдісі –профилактикалық медициналық тексеруден өту. Туберкулез рентгенологиялық әдіспен анықталады, яғни кеуде қуысын флюрографиялық жәнерентгенологиялық тексеруден өткізу. Албалалар арасында туберкулезді анықтаудың маңызды әдісі-туберкулин сынамасын қою.Туберкулин диагностикасы 12 айдан бастап 14 жасқа жеткен тәуекел тобындағы балаларға Манту сынамасын қою арқылы жүргзіледі. Манту сынамасын бұрынғы қойылған сынамалардың нәтижесіне қарамастан жылына бір рет қояды. Перзентханада нәрестелерді БЦЖ вакцинасымен егу туберкулез менингиті, энцефалиті және инфекцияның ауыр ағымынан қорғайды.
Туберкулез – жұқпалы ауру. Сондықтан 2 аптадан астам жөтелдің болуы, тәбеттің және салмақтың төмендеуі, тершеңдік, әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы сияқты симптомдарға назар аудару керек. Ауру белгілері байқалған жағдайда тез арада медициналық көмекке жүгінуге және тек дәрігердің тағайындауымен ем қабылдауға кеңес береміз.
Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!