Жексенбі, 30 маусым, 19:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Жедел жәрдемнің көмегі көп

29.05.2024

72 0

Бас ауырып, балтыр сыздағанда жедел жәрдем қызметінің көмегіне жүгінеміз. Адам өміріне араша түсіп, алғыс арқалаған сала мамандарының жұмысы жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Абубакирова мен облыстық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Нұрсейітова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен  ақпарат алаңында баяндады.

– Біздің облыс бойынша қызмет жасайтын 4 бекет, аудан орталығында 9 бөлімше бар. Жедел жәрдемді шақырған кезде шақыру себебіне қарай 4 категорияға бөлінеді. Оларды науқаспен сөйлесу барысында диспетчер анықтайды. Категория белгілі болған соң, жедел жәрдем бригадасы жіберіледі. Дертіне шипа іздеген жандарға жедел жәрдем қызметі қашанда жедел түрде қол ұшын созуға әзір,  – деді Жаңыл Исақызы.

Облыстық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Нұрсейітованың айтуынша 2016 жылдан бастап жедел жәрдем қызметін оңтайландыру мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылған. Сол кезден бүгінге дейін бұл жоба үздіксіз өз жұмысын атқарып келеді. Станса құрылымында 4 қалалық, 9 аудандық бөлімше, оперативті бөлім және медициналық авиация бөлімі кіреді. Қазіргі уақытта бұл стансаға 13 бөлімше, оперативті бөлімдер жатады. 50 шақырыс тобы бар. Оның 18-і дәрігерлік, 4-уі кардио, 4-уі педиатриялық, 10-ы желілік, 32-сі фельдшерлік бригада. Халықаралық курс бойынша 63 дәрігер, 517 орта буынды мамандар оқытылған. Білікті дәрігерлер бүгінде арнайы көмек көрсетуге дайын, – деді Ғалия Талғатқызы.

                                                                        Дильназ  Молдабаева,

                                           Қорқыт ата университетінің I курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: