Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Жүгіру жұрттың бәріне пайдалы ма?

21.02.2023

899 0

Әдетте спортпен айналысу деген­де адамдар бірден таңертең немесе кешке жүгіру туралы ойлайды. Жүгі­ру және жаттығу – біздің спорттық ұғымымызды білдіретін негізгі тірек сөздер.

Рас жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі.  Оның тегіс жерде әртүрлі қашықтықта жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолымен), кедергілерде жүгіру, сон­дай-ақ стипль-чейз, кросс, марафон сияқты түрлері бар.

Адамзат баласының қай уақыт­тан жүгіруді спорттың түрі ретінде тани бастаған тарихы да қызықты. Біздің заманымыздан 776 жыл бұрын І олимпиялық ойындар бағдар­ламасында жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27 сантиметрге тең болып, ол стадидром деп аталған, яғни сол кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығына сәйкестеліп алынған. XVII ғасырдың орта кезінен бастап Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болды. Олар көбіне алыс қашықтықта сынға түсті.

Қазақ халқының ауыз әдебиетінде желаяқтар туралы аңыз-әпсаналар бұрыннан белгілі. Аңыз боп жеткен желаяқтар жарысын шындыққа ай­налдырған кәсіби ереже бойынша жүгіру өнері қазақ топырағына XIX ғасырдың соңына таман жетті. Ресми жарыстар негізінен ХХ ғасырда өткізіле бастады.

Қазақ жастары арасында тұңғыш желаяқ Ғұсман Қосановтың есімі 1960 жылы Рим қаласында XVII олимпиалық ойындарда кеңінен танымал болды. Ол эстафеташылар бәсекесінде күміс жүлдегер атанды. Қысқа спиринттік қашықтықта жүгіруші Әмин Тұяқов 1966 жылы Еуропа кубогін еншіледі. Осы 1966 жылдан бері қарай 2000 жылдарға дейін С.Исамбаев, Ә.Байтықов, Е.Жамбылов, Б.Күреңкеев сынды санаулы қазақ баласының аты шықты. 2000 жылы Сидней олимпиадасында О.Шишигина алтын медаль жеңіп алғанын жұртшылық жақсы біледі.

Жүгіру дегеніміз қазаққа таңсық болмағанмен әлемдік биіктерде көк байрағымызды желбіреткен желаяқтарымыз некен-саяқ. Бұл өзі аса көп қаржыны қажет етпейді де. Таза ауада алқынып қалмайтын адам­ның сау өкпесі ғана маңызды және спорттың осы түріне асқан құштарлық, табандылық пен талант керек. Бағы жанса, бабы шабады.

Мансұр САДАҚБАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: