Бейсенбі, 09 мамыр, 23:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Су тасқыны кезінде тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу

02.04.2024

437 0

Қардың еруі, су тасқыны – бұл көктемнің белгісі ғана емес, сонымен қатар микроорганизмдердің еріген сулармен ауыз суға түсу қаупі, өйткені топырақ арқылы судың сүзілуін күшейтетін барлық процестер су сапасының нашарлауына әкеледі.

Ең алдымен, бұл жіті ішек инфекциясы, дизентерия, тырысқақ, вирустық гепатит және т.б. сияқты жұқпалы аурулардың және аса қауіпті инфекциялардың пайда болу қаупімен байланысты. Бұл инфекциялардың қоздырғыштары ұзақ уақыт бойы залалсыздандырылмаған суда тіршілік ету және көбею қабілетіне ие.

Су микроорганизмдермен ғана емес, сонымен қатар топырақтан шайылған әртүрлі химиялық қосылыстармен де ластанатындығына байланысты су тасқыны кезінде ашық су қоймасынан суды әртүрлі мақсаттарда пайдалануға жол бермеу қажет. Суды (қайнату) және тамақ өнімдерін (қайнату, қуыру және т.б.) термиялық өңдеу барлық ықтимал патогендерді, соның ішінде бактериялар мен вирустарды жоятынын есте ұстаған жөн.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті су тасқыны кезінде тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша келесі сақтық шараларын ұсынады:

– ішуге және ас дайындауға тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану;

– су басқан орындарындардағы бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан суды ішпеу;

– бөтелкедегі ауыз су қорын қамтамасыз ету және кеміргіштер кіре алмайтын жерлерде жабық ыдыстарда сақтау;

– тасқын суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбау, бұл ретте жарамдылық мерзіміне назар аудару және кеміргіштер мен тасқын су кіре алмайтын жерлерде сақтау;

– шикі күйде тұтынатын көкөністер мен жемістерді қайнаған сумен мұқият жуу;

– тамақтану алдында, дәретханаға барғаннан, серуендеуден кейін, тамақ дайындау алдында және тамақ дайындау процесінде әр үзілістен кейін қолды сабынмен жуу;

– жұқпалы аурулардың белгілері болған кезде (дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.) дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет;

– қора аумақтарын барлық қоқыстардан тазалау;

– кеміргіштерді жою бойынша жұмыстарды жүргізу;

– су тасқынынан кейін барлық үй-жайларды дезинфекциялық ерітінділермен өңдеу.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: