Сыр дәрігерлерi Мәскеу қаласында «Шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша бiлiмдерiн жетілдірiп келді.
Яғни аймағымыздан барған 8 дәрігер хирургия, эндоскопия, неврология, кардиохирургия, анестезиология-реаниматология, неонаталды хирургия және балалар ортопедиясы бойынша бiлiктiлiктерiн арттырды.
Сонымен қатар мамандар Ресейдің жетекші клиникалық академиялық базалары мен «МДСД №24 қалалық клиникалық ауруханасы» МБДСМ, Ресей ФМБА «Ми және нейротехнология Федералды орталығы» ФМБМ, Ресей Денсаулық Сақтау Министрлігі «Е.Н.Мешалкин атындағы ҒМЗО», Ресей балалар клиникалық ауруханасы – Ресей Денсаулық Сақтау Министрлігі ФМАЖББМ «Н.И.Пирогов атындағы РҰМЗУ» филиалы, «МДСД Н.Ф.Филатов атындағы балалар қалалық клиникалық ауруханасы» МБДСМ, МДСД «Жедел балалар хирургиясы және травматология ҒЗИ» МБДСМ орталықтары мамандарымен тәжірибе алмасты. Ағымдағы жылдың 4 қарашасынан бастап аймақ ақ халаттыларының екінші легі Беларусь Республикасына оқуға жіберілетiн болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!