Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сырдария ауданының 5 мыңнан астам тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

28.09.2023

515 0

Сырдария ауданында МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар саны артты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы мен денсаулық сақтау басқармасының мамандары аудан тұрғындарымен кездесулері барысында әлеуметтік медициналық сақтандырудың мүмкіндіктері талқыланды.

Көшпелі жиындар Тереңөзек ауылында, Ақжарма, Нағи Ілиясов ауылдық округтерінде өтті. Ауданда 35 мыңға жуық адам тұрады, оның 5051-і (14,6%) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған. Тамыз айында тағы 82 адам жүйеден тыс қалды. Бұл өңірде ауыл тұрғындарын медициналық сақтандыруға тарту бойынша жұмыстың талапқа сай жүргізілмегенін көрсетеді, дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

«Әкімдіктермен, мемлекеттік кірістер, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттерімен бірлесе отырып, ақпараттық жүйелердің интеграция жасау және оларға азаматтардың жеңілдікті санаттарын уақтылы енгізуді қадағалау қажет. МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған заңды тұлғаларға берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану қажет», – деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.

Кездесуде ауыл тұрғындары бірқатар сұрақтармен жүгінді. Егер МӘМС-да сақтандырылған отбасы мүшелерінің бірі медициналық көмекке жүгінбесе, оның қаражатымен пайдалануға бола ма? МӘМС жүйесінде әрбір адам өзі үшін жеке төлейтіні және бүл жүйе жинақтаушы емес екені атап өтілді. Қағидалардың бірі – дені сау адам науқас үшін төлейді, яғни МӘМС жүйесіндегі сақтандырылғандардың арасында жеңілдікті санаттағы азаматтар (балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүгедектер және т.б.) бар.

Тағы бір сұрақ: МӘМС есебінен гормондарға сынама тапсыруға бола ма? Иә, МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттерге кеңейтілген жоспарлы медициналық қызметтер қолжетімді, бұл талдаулар мен тексерулерге қалта шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Егер медициналық көрсеткіштер мен тиісті тар буынды маманның қорытындысы болса, жолдама алуға құқығыңыз бар. Тізімде ең көп таралған 20 гормон бар, оларды тексеру МӘМС арқылы қамтылады.

Сөз соңында Бақыт Исмаханбетов сақтандыру мәртебесін Қордың fms.kz ресми сайтында, Egov.kz электронды үкімет порталында, сондай-ақ Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында, Telegram желісіндегі @SaqtandyrýBot арқылы тексеруге болатынын еске салды.

Анықтама үшін: Қызылорда облысында емуханаларға тіркелген 822 521 халықтың 695 127-сі (84,5%) сақтандырылған, ал қалған 127 394-і МӘМС жүйесінен тыс қалған. Сақтандырылмаған азаматтардың үлесі өңірде тіркелген тұрғындардың жалпы санының 15,5% құрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: