Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қадағалауында 1872 тағам объектісі бар. Оның 368-і эпидемиялық маңыздылығы жоғары болып саналады.
Ағымдағы жылдың 10 айында тамақ өнімдерін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мақсатында микробиологиялық көрсеткіштерге, патогенді флораға мен санитариялық-химиялық көрсеткіштерді анықтауға, бактериологиялық зерттеуге сынамалар мен шайындылар алынды.
Атап айтқанда, нан және нан-тоқаш өнімдері объектілерінен 70 сынама алынып, 4 сынамадан сәйкессіздік анықталды.Кремді кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілерінен ішек тобы таяқшаларының бактерияларын зерттеуге 120 сынама алынып, 6 үлгіде оң нәтиже анықталды.Ал өнімдердің микробиологиялық көрсеткіштерін анықтауға 18 сынама іріктеліп, сараптама нәтижесімен сәйкессіздіктер табылған жоқ.
Облыс көлемінде орналасқан тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілерінен микробиологиялық көрсеткіштерге 49 сынама іріктеліп, 5 сәйкессіздік табылды. 919 шайындының 13-ібекітілген санитариялық нормативтерге сай болмай шықты. Ал санитариялық-химиялық зерттеуге алынған 51 сынаманың 19 үлгісі талаптарға сәйкес келмеді.
Осы анықталған сәйкессіздір негізінде «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығының талаптарын сақтамауы бойынша жауапты тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1- тармағына сәйкес 25 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды.
Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандарымен қоғамдық тамақтану орындарындағы санитариялық-гигиеналық талаптар, өнімдерді дайындау мен сақтауға ережелері, тағамнан уланулардың алдын алу бойынша тұрақты түрде санитариялық ағарту жұмыстары жүргізіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!