Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тамақтан уланудың және тамақпен бірге берілетін инфекциялық аурулардың алдын алу

30.05.2023

858 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиолгиялық бақылау департаменті сапасыз тағамды тұтынумен байланысты аурулардың алдыналу маңыздылығын еске салады.

Сальмонеллез, описторхоз, иерсиниоз, дизентерия, норовирустық және ротавирустық инфекциялар, «А» вирустық гепатиті және басқа да аурулардың қоздырғыштары тағамөнімдерімен берілуі мүмкін, сонымен қатар азық-түлікте түрлі микроорганизмдердің токсиндері жиналған кезде тағамдық токсикоинфекция туындауы мүмкін.

Тағамнан улану және тағаммен жұғатын жұқпалы аурулардың себептері – тағамдайындау технологиясының бұзылуы, олардың дұрыс сақталмауы, аспазшылар мен кондитерлердің жеке гигиена ережелерін сақтамауы болып табылады.

Инфекцияның пайда болу қауіпі жоғары тамақ өнімдері – көп компонентті салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер, тартылған ет өнімдері және т.б. Нашар жуылған жемістер мен көкөністердің бетінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштары, атап айтқанда, вирустық инфекциялар қалуы мүмкін.

Тағамнан уланып қалудың алдын алу мақсатында дайын өнімдерді бір тәуліктен артық сақтамас үшін салаттар, тартылған ет өнімдері, желені аз мөлшерде ғана дайындауды ұсынамыз. Егер дүкеннен дайын тағамды сатып алсаңыз, өнімді дайындау уақыты мен оның жарамдылық мерзіміне, сөредегі сақталу жағдайынажіті назар аударыңыз. Жартылай фабрикаттар, ет өнімдері мұқият термиялық өңдеуден қайта өтуі керек. Тоқаштар мен кілегейлі торттарды тоңазытқышта сақтау маңызды және бұл тез бұзылатын тағам екенін ұмытпаңыз.

Үйде тамақ дайындау кезінде бірқатар ережелерді сақтау керек: асүй тазалығын сақтаңыз, тағам пісіруді бастамас бұрын және шикі өнімдермен жанасқаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз, шикі және дайын тағамдар үшін жеке-жеке кесу тақталары мен пышақтарды қолдану қажет, көк шөптерді, көкөністер мен жемістерді мұқият жуыңыз (қайнаған сумен өңдей отырып), тоңазытқышта дайын тағамдар мен шикі ет, балықты бір сөреге қоймауға тырысыңыз.

Егер Сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, әсіресе нәжістің бұзылуы, жүрек айну, іштің ауыруы сияқты белгілер болса, отбасы мен қонақтар үшін тамақ дайындамаңыз.

Ауру белгілері болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігін еске саламыз.

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: