Жексенбі, 24 қараша, 17:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Тергеу изоляторы қамауындағылар медециналық тексерістен өтті

11.02.2022

1228 0

Темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатқан адамдардың денсаулығын сақтау ЗК-169/1 тергеу изоляторының медицина қызметкерлері үшін маңызды мәселе.

Сондықтанда, ҚАЖ мекемелерінде ұсталынған азаматтардың денсаулығы, медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы ҚР ІІМ 2020 жылғы 28 қазандағы №745 бұйрығына сәйкес, әртүрлі іс – шара жұмыстары жүргізіліп келеді.

Атап айтатын болсақ, мекемеге жаңадан келіп түскендер мен айдауылданып кететіндер, босатылар алдында және 6 ай сайын флюграфиялық, АИТВ тексеруден өткізіліп, дене жарақаттарының бар жоғы медицина қызметкерлері тарапынан тексеріліп тұрады.

Сондай-ақ, бүгін 10.02 күні сотталғандар мен айыпталушылар арасында ауру мен өлім жағдайларын төмендетуге бағытталған ауруға шалдыққандарға уақытылы диагноз қою мақсатында, Қызылорда облыстық денсаулық басқармасына қарасты № 6 қалалық емханадан арнайы мамандар шақыртылды.

Әр сала мамандары тексерместен бұрын, антропометриялық өлшеу яғни,( бойы, дене салмағы,белінің көлемі) өлшенді.

Одан соң, белгілі бір жастағы азаматтардың, қан қысымын – терапевт, тіс аурулары бойынша – стомотолг және хирург пен уролог және дерматолог пен психиятор дәрігерлердің тексеруінен өтті.Бұл тексерулер жүрек-қантамыр ауруларын, қант диабетін, қан қысымы ауруларын олардың қауіпті факторларын, сондай-ақ гепатиттерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Ерте сатыда анықтау аталған сырқаттарды жеңіл емдеуге және инсульт, инфаркт, соқырлық, бауыр циррозы сияқты асқынулардың алдын алуға ықпал етеді. Цироздың пайда болуына ықпал ететін патологиялық өзгерістерді, сондай-ақ ерте даму сатысындағы ісіктерді анықтау үшін керек- деді, терапевт дәрігер Жакупова Мөлдір.

Бүгінгі іс-шара аясында мекеме қамауында ұсталынып отырған 276 азамат толықтай тексерістен өтті. Тексеру коммиссиясының қорытынды нәтежиесінде, қант диабеті мен жүрек ауруларына күдікті науқастар анықталды.

Оларға тез арада ультра дыбыстық апаратқа түсуге және қан анализдерін өткізуге жолдама берілді.

Енді одан арғы емін жауапкершілікпен қадағалап, емдеу жұмыстарын жалғастыра береміз- деді, медицина бөлімінің бастығы, әділет лейтенанты Азиза Қайырбаевна.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: