Жұма, 07 қараша, 21:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Тіс дәрігерінен кейін ауруханаға түсті: не себеп болды?

07.11.2025

63 0

Фото: Артём Чурсинов - архив

Атыраудағы жеке клиникалардың бірінде тіс емдеу кезінде дәрігер пациенттің аузына металл бөлшегін түсіріп алған. Пациент оны абайсызда жұтып қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ

Зардап шеккен әйелдің айтуынша, стоматолог жедел жәрдем шақырмаған. Ол тек “зат өздігінен шықсын” деп құсуға кеңес берген. Бұл тәсіл көмектеспеген соң әйел облыстық аурухананың жарақат бөлімшесіне жүгінген.

Дәрігерлер рентген мен гастроскопия жасап, асқазанда бөгде заттың барын анықтаған. Содан кейін оны медициналық қысқышпен алып шыққан.

Оқиғадан кейін пациент әйел e-Өтініш порталы арқылы облыстық денсаулық сақтау басқармасына шағым түсірген.

Атырау облысы стоматологтар қауымдастығының үйлестіру кеңесінің төрағасы Құрал Тілеубаевтың айтуынша, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Алайда ол дәрігердің бұл жағдайда жасаған әрекеті мүлде дұрыс емес деп санайды.

Дәрігердің манипуляцияны жалғастырып, 103 қызметін шақырмағаны – өрескел қателік. Тіпті зат кішкентай болса да, – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: