Бейсенбі, 09 қазан, 20:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Томотерапия: онкопациенттерге тегін медициналық көмек толық сақталады

09.10.2025

73 0

Фото: ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі томотерапияның тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) тізбесіне енуін жалғастыратынын және онкологиялық аурулар бойынша емделіп жатқан барлық пациенттер толық көлемде ем алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Негізгі өзгеріс тек көмек көрсету нысанына қатысты болды: енді ол амбулаториялық жағдайда емес, күндізгі стационар шеңберінде – радиациялық онколог дәрігердің және медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауында жүзеге асырылатын болады.

Бұл шешім емдеу үдерісіне неғұрлым мұқият бақылауды қамтамасыз етуге, оның тиімділігін, көрсетілетін медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында Қазақстанда онкологиялық көмек орталықтарының желісі белсенді дамуда. Медициналық мекемелерге алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтары жеткізілуде.

Жоғары технологиялық жеделдеткіштерді енгізу радиотерапия саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді шешуге және онкологиялық науқастарды емдеудің қолжетімділігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 22 желілік жеделдеткіш және 20 гамма-терапевтік аппарат жұмыс істейді. 2024 жылы еліміздің бес өңірінде – Абай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында (2 аппарат) 6 жаңа жеделдеткіш пайдалануға берілді. Бұл сәулелік терапиямен қамтуды едәуір кеңейтуге және барлық мұқтаж пациенттерді заманауи емдеумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

2025 жылы Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тағы төрт желілік жеделдеткіш орнату жұмыстары жалғасуда.

Жаңа желілік жеделдеткіштерді енгізілуі бейімделетін және 4D-сәулелік терапияның инновациялық технологияларды қолдануға мүмкіндік берді.

Бейімделген терапия дәлдіктің жоғары деңгейін және нақты уақыт режимінде пациенттің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты сәулелену дозасын өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: