Дүйсенбі, 17 қараша, 18:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Түтін тұмауды ауырлатуы мүмкін – дәрігер пікірі

17.11.2025

51 0

Фото: Depositphotos.com

Алматы тұрғындары қаладағы түтіннің әсерінен жедел респираторлық вирустық инфекцияларды және тұмауды ауыр өткеруі мүмкін. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мегаполистегі ауа сапасының нашарлауы жыл сайын жылыту маусымы басталғанда ушығады. Қалықованың айтуынша, түтін балалардың тыныс алу жүйесін әлсіретіп, ауруды ауырлата түседі.

Ауадағы бөлшектер балалар мен ересектердің тыныс жолдарын тітіркендіруі мүмкін, бұл инфекцияның таралуына ықпал етеді. Бұны аурудың негізгі себептердің бірі деуге болады, – деді эпидемиолог.

Маманның айтуынша, ЖРВИ мен тұмаудың таралу себептеріне маман салқындап қалу, жұқтырғандармен қарым-қатынасты және профилактикалық шаралардың сақталмауы жатады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: