Қызылорда облысы бойынша жаңа 2025-2026 жж эпидмаусымда ЖРВИ-дің 11606 жағдайы есепке алынған, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12% төмендегені байқалады.
Жалпы ауруға шалдыққандардың 61% – 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Жүкті әйелдер арасында ЖРВИ-ге шалдығу көрсеткіші 1.6% құрады. Ауруханаға жатқызылғандар – 5%.
Жалпы облыс бойынша ЖРВИ-ге шалдыққан ауыр ағымдағы 239 науқастың сынамасы ПЦР әдісімен тексеріліп, нәтижесінде зертханалық жолмен «А» типті 35 тұмау ауруы нақтыланды.
Тұмау емес вирусты анықтау мақсатында 202 сынама зерттеумен қамтылды, нәтижесімен 7 тұмау емес вирус анықталды, оның ішінде аденовирус – 1, риновирус – 6.
Тұмау ауруының алдын алу мақсатында ҚР Үкіметінің «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес 2025-2026 жж. эпидмаусымға 85006 доза вакцина сатып алынды. Бүгінгі таңда 84 мыңға жуық тиісті конитингентке тұмауға қарсы вакцина жүргізілді, оның ішінде балалар – 23466, ересектер – 60531.
Жұмыс берушілер тарапынан 2000 доза сатып алынып, 1520 екпе жүргізілді. Жалпы облыс бойынша жаңа эпидмаусым басталғалы бері 85517 тұрғын тұмауға қарсы егіліп, иммундаудан өткен облыс тұрғындарының 9,9% қамтыды.
Әлия Әбдіқайымова,
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!