Бейсенбі, 13 қараша, 17:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Тұмау өрши бастады: Биыл балалар арасында жағдайлар артқан

13.11.2025

45 0

Фото: BAQ.KZ - архив

Қазақстанда тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандарын саны артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Айтуынша, жыл сайын елімізде 4 млн-ға дейін ЖРВИ және 2 мыңға дейін тұмау жағдайлары тіркеледі. Бұл қалыпты жағдай деп отыр.

Ел аумағындағы ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай күзгі-қысқы кезеңге тән эпидемиологиялық процестің шеңберінде дамуда. Биылғы жылдың қыркүйегінен бастап 1 278 745 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл 2024-2025 эпидемиялық маусымының осы кезеңімен салыстырғанда 19%-ға 14 жасқа дейінгі балалар арасында 848 761 жағдай тіркелді, – деп атап өтті бас санитар дәрігер.

Айта кетерлігі, биыл 30 қазан мен 5 қараша аралығында республикада 150 605 ЖРВИ жағдайы тіркелген.

Эпидемиялық маусымның басынан бері А (H3N2) типіндегі грипптің 304 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 173 жағдай тіркелді. Биыл тұмау циркуляциясы өткен эпидемиялық маусымға қарағанда ертерек басталғанын айта кету керек. А (H3N2) тұмау вирусы – жаңа штамм емес, жыл сайын айналымда болатын А тұмауының маусымдық субтипі. H3N2 қоздырған аурулар әдетте әр эпидемиялық маусымда кездеседі және тұмаудың әдеттегі симптомдарымен бір келеді, – деп түсіндірді Сархат Бейсенова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: