Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тұмаудан сақтанайық!

04.10.2022

1190 0

Тұмау күн райының өзгерісіне қарай пайда болатын ауру түрі. Дәл қазіргі уақытта ЖРВИ өршіп тұр.  Әсіресе балалар арасында.

Облыстық эпидемиологиялық-санитарлық бақылау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021-2022 жылғы  эпидмаусымда облыс көлемінде  жедел респираторлы вирусты инфекцияның 23550 жағдайы  тіркелген. Ал 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 2863,9 құрайды. Бұл 2020-2021 жылдардағы эпидмаусыммен салыстырғанда 51% жоғары. Ауруға шалдыққандардың 67,1%-і 14 жасқа дейінгі балалар­дың үлесінде. Жалпы өткен жылы ЖРВИ-ден 15 760 дерегі есепке алынды.

2021-2022 жылдардағы эпидмау­сымында облыс көлемінде зертханалық жолмен нақтыланған тұмау ауруы­ның 9 жағдайы тіркелді. Ауруға шал­дыққандардың барлығынан тұмау ви­русының А түрі (А(H3N2) анықталды.

Одан бөлек, жедел респираторлы вирусты инфекциясының  ауыр ағым­дағы  2143 науқастан алынған сынамалар ПЦР әдісімен тексеріліп, нәтижесінде 33 сынамада тұмау емес вирустар анықталды. Басым көпшілігі немесе 57,5%  – аденовирус, 24,2% – риновирус,  3% – парагрипп,   12,1% – РСВ  және 3 % метапневмо вирус.

Тұмаудың эпидахуалын тұрақ­тандыру және ауру деңгейін төмен­дету мақсатында жыл сайын жер­гілікті бюджеттен тұмауға қарсы вак­цина сатып алынады.  Биыл 85000 доза вакцина қоймаға жеткізілді. Тұмауға қарсы иммундауға Ресей елінде өндірілген «Гриппол плюс» вак­цинасы қолданылады. Препараттың құрамына қосылған «Полиоксидоний» иммуномодуляторының арқасында им­мунофармакологиялық әсері күшейе түс­кен. Иммундық статустың түзілуі ар­қасында ағзаның басқа жұқпаларға төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыр­күйектегі №612 қаулысымен бекі­тілген медициналық көмектің кепіл­дік көлемі шеңберінде мін­детті профилактикалық екпелерді жүр­гізу қағидаларына сәйкес жыл сайын тұ­мауға қарсы вакцинациялау тиісті контингенттерге тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда тегін жүргізіледі. Олар медицина қызмет­керлері, медициналық ұйымда дис­пансерлік есепте тұрған балалар және балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйінің контингенті. Сондай-ақ эпидемиологиялық көр­сетімдері бойынша жүргізіледі. Одан бөлек, аталған контингентте қам­тылмаған адамдар екпені ақылы түрде Interteach клиникасынан сал­дыруына болады. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі №30 Қаулысына сәйкес тұмауға қарсы вакцинация 3 қазаннан бастап жүргізіледі.

Тұмау асқынса қауіпті. Ең жиі кез­десетін тұмау ауруының асқы­нуы – пневмония. Өлім жағдайларының 7-42% осы дерттің  үлесінде. Басқа да жиі кездесетін асқынулар –  бронхит, си­нусит, отит, миозит, миокардит.

Тұмау ауруы 2 жасқа дейінгі балалар, созылмалы ауруы бар нау­қастар және қарттар арасында ауыр ағымда өтеді. Сондықтан рес­пира­торлық ауру­лар­дың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада аймақтық дәрі­гергерді үйге шақыртып, дер кезінде ем алу қажет.

Қызылорда облысының санитария­лық-эпидемиологиялық бақылау де­пар­таменті ЖРВИ және тұмаудан сақ­тану үшін вакцина алуға, сонымен қатар иммунитетті көтеру үшін салауат­ты өмір салтын сақтануға, жеке бас гигиенасын сақтауға кеңес береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: