Бейсенбі, 06 наурыз, 01:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17, 2130
04.03.2025
PDF мұрағаты

Тұмауға жатпайтын вирустардың жеті түрі тарап жатыр

05.03.2025

51 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада жіті респираторлық вирусты инфекцияны жұқтырғандар саны 22% өсті, – деп хабарлайды KAZINFORM ақпараттық агенттігі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, эпидемиялық маусым басталғалы ЖРВИ-мен 67 мыңға жуық адам ауырды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% төмен, десек те соңғы аптада сырқаттанғандар саны артып, 3,5 мың адам дәрігердің көмегіне жүгінді.

Облыста тұмауға жатпайтын вирустар да көп таралған. Мәселен риновирусты жұқтырудың 32 жағдайы, аденовирустармен ауырудың – 22, парагриппті жұқтырудың – 12, басқа коронавирустар – 11, метапневмовирустар – 5, респираторлық синцитиальды вирустарды жұқтырудың 5 жағдайы және 3 адамда бокавирустар анықталған.

Өңірде тұмауды жұқтырғандар саны да артып келеді. Осындай 92 жағдай тіркелді, оның ішінде А типті тұмау немесе «шошқа» тұмауымен 79 адам, маусымдық H1N1 – 4, H3N2 –3 және В типті тұмаумен 6 адам сырқаттанды. Тұмаумен ауырғандардың 32-сі –14 жасқа дейінгі балалар, тағы 4 жағдай жүкті әйелдер арасында тіркелді. Науқастар тұмауға қарсы екпе алмаған екен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: