Дүйсенбі, 08 желтоқсан, 17:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (2205)
06.12.2025
PDF мұрағаты

Туберкулез бойынша аурушаңдық көрсеткіштері төмендеді

08.12.2025

44 0

Фото: Интернет желісі

Облыс бойынша туберкулездің эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. Ағымдағы жылдың 11 ай қорытындысымен туберкулез инфекциясының 293 жаңа жағдайы тіркелді. Өткен 2024 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық көресткішінде 26 жағдайға төмендеу тенденциясы орын алды.


Барлық туберкулез жағдайының 89% – өкпе туберкулезі және 25% – бактерия бөлетін түрі.
Есепті мерзімде облыс көлемінде 14 438 нәресте дүниеге келіп, оның 95,5% туберкулезге қарсы екпемен қамтылды. 453 сәби уақытша медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты екпе алған жоқ.
Инфекцияға қарсы иммундау жұмыстарының тиімділігі әлемде ғылыми негізде дәлелденген, дегенмен соңғы уақытта ата-аналардың балаларға екпе жасатудан бас тарту жағдайлары жиілеуде, бұл өз кезегінде ұжымдық иммунитеттің төмендеп, ауруды жұқтырып алу қаупін жоғарылатады. Осы бағытта ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Туберкулездің алдын алуда тиісті контингенттің мерзімді флюрографиялық тексеруден өтуі маңызды. Жыл басынан бері 98% тексерумен қамтылып, емдеу мекемелерінде 203 адамда инфекция ерте диагностикаланып, уақытылы емдеуге жолданды.
Инфекция ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу және науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар арасында індетке қарсы профилактикалық шаралар толық жүргізілді.
Ауа барлық адамға ортақ болғандықтан туберкулез бактериясын жұқтырудан ешкім қорғалмаған. Әсiресе, балалар мен егде жастағылар үшiн өте қауiптi. Туберкулезбен ауыратын адаммен жақын қарым-қатынас жиi, әрi ұзақ болса, түрлi себептермен ағзаның қорғаныш күшi әлсірегенде туберкулез таяқшалары белсендiлiк танытып, аталмыш аурудың қозуына себепшi болады. Бүгiнде ауру ерте анықталып, емдеу шаралары уақытылы жасалған жағдайда туберкулезден толық сауығып шығу мүмкіндігі дәлелденген.
Туберкулездің алдын алудың тиімді әдісі – мерзімді флюорорграфиялық және рентгенологиялық тексеруден өту, ал балалар арасында туберкулезді анықтаудың маңызды әдісі – туберкулин сынамасын қою. Туберкулин диагностикасы 12 айдан бастап 14 жасқа жеткен тәуекел тобындағы балаларға Манту сынамасын қою арқылы жүргзіледі.
Туберкулез – жұқпалы ауру. Сондықтан 2 аптадан астам жөтелдің болуы, тәбеттің және салмақтың төмендеуі, тершеңдік, әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы сияқты симптомдарға назар аудару керек. Ауру белгілері байқалған жағдайда тез арада медициналық көмекке жүгінуге кеңес береміз.

Гульмира Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: