Бейсенбі, 20 наурыз, 03:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20,2133
18.03.2025
PDF мұрағаты

Туберкулез емделеді

19.03.2025

133 0

Сурет:ozgepikir.kz

Әр жыл сайын 24 ақпан-24 наурыз аралығында туберкулезге қарсы күрес айлығы өтеді. Биыл бұл айлық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бекітуі бойынша «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестициялаймыз, әрекет етеміз» деген ұранмен өтуде. Бұл ұран жай сөздер емес, туберкулезді жою үшін барлық деңгейде күш біріктіруге шақыру. Іс-шараның мақсаты – аурудың алдын алу маңыздылығы мен онымен күресуде белсенді әрекет ету қажеттігі туралы халықтың хабардарлығын арттыру, денсаулық үшін ортақ жауапкершілікке тәрбиелеу, уақытылы скринингтік тексерулерден өтуді насихаттау.
Айлық аясында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары өңір халқы арасында санитариялық ағарту жұмыстарын белсенді жүргізуде. Білім беру мекемелері мен түрлі ұйымдарда кездесулер, семнарлар өткізіп, туберкулездің берілу жолдары, клиникалық белгілері мен сақтану жолдары туралы ақпараттар ұсынуда.
Туберкулез – қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Уақтылы медициналық көмекке жүгіну, вакцинациялау және салауатты өмір салтын ұстану оның таралу қаупін едәуір төмендетуге көмектеседі. Осы бағытта облыста скрининг арқылы тексерілуге жоспарланаған 65 мыңнан аса тәуекел тобындағы және декретивті контингент флюрографиялық тексеруден өтті. Есепті мерзімде облыс бойынша дүниеге келген 2 677 сәбидің 97% БЦЖ екпесімен қамтылды.
Аурушаңдықтың төмендеуіне қарамастан туберкулез жағдайы әлі де күрделі. Ағымдағы жылдың 2 айында туберкулез инфекциясының 64 жаңа жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 7,6 құрады, өткен 2024 жылдың осы мерзімімен салыстырғанға 15 жағдайға төмендеген. Тіркелген жағдайлардың 92% – өкпе туберкулезі, оның 22% – жұқпалы түрі. Туберкулезден өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.
Ауа барлық адамға ортақ болғандықтан туберкулез бактериясын жұқтырудан ешкім қорғалмаған. Туберкулезбен ауыратын адаммен жақын қарым-қатынас жиi әрi ұзақ болса, түрлi себептермен ағзаның қорғаныш күшi әлсірегенде туберкулез таяқшалары белсендiлiк танытып, аталмыш аурудың өршуіне себепшi болады.
Бүгiнде ауру ерте анықталып, емдеу шаралары уақытылы жасалған жағдайда туберкулезден толық сауығып шығу мүмкіндігі дәлелденген. Осы орайда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әлсіздік, 2 аптадан астам жөтел, дене қызуының көтерілуі мен тершеңдік, салмақ жоғалту сияқты белгілер байқалғанда өзін-өзі емдеумен айналыспай, медициналық көмекке жүгіну қажеттігін еске салады.

Гүлмира Сыздықова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: