Бейсенбі, 26 желтоқсан, 14:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Туберкулезден сақтанайық

28.05.2022

1047 0

Биыл облыста туберкулезге шалдығу көрсеткіші 3,9 процентті құрап, аурушаңдық деңгейі 100 мың адамға шаққанда 13,3 процент болды. Ал балалар арасында туберкулезге шалдығу көрсеткіші керісінше 38,2 процентке төмендеген. Бұл жөнінде облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Әбдіғабит Әбләзім мәлімдеді.

 Дегенмен жыл басынан бері туберкулездің эпидемиологиялық жағдайында өсу көрсеткіші байқалады. Себебі облыс бойынша бүгінге дейін туберкулезге шалдыққан 140 науқас тіркелді. Сондай-ақ қайталап ауырғандар саны 29 адамға өсіп отыр.

Жалпы туберкулез таяқшасы ауа арқылы таралып, 85 процент тыныс алу ағзаларын зақымдайды. Әсіресе екі жыл қатарынан коронавирус инфекциясы халықтың иммундық жүйесін әбден төмендетіп тастады. Осыған орай дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары алдағы 2-3 жылда туберкулездің аурушаңдығы 10-15 процентке өседі деп дабыл қағуда.

Облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігерінің айтуынша, аймақтағы емдеу мекемелерінде 39 флюро қондырғылары бар. Олардың 80% соңғы үлгідегі сандық жүйемен жабдықталған. Дегенмен туберкулездің жұқпалы ауру екенін ескеріп, «Сақтансаң сақтаймын» деген қағиданы ұстанған абзал.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: