Бейсенбі, 13 наурыз, 15:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18,2131
08.03.2025
PDF мұрағаты

Туберкулезге қарсы күрес айлығы жүруде

13.03.2025

11 0

Бүгін тұрғындарды мерзімді флюорографиялық тексерістен өткізуге бағытталған шаралардың бірі «Туберкулезге қарсы күрес айлығы» аясында «Жайна» сауда орталығында өтуде.

Онда кез келген қала тұрғыны алғашқы профилактикалық тексеруден, оның ішінде қан қысымы мен қант мөлшерін өлшеу және жылжымалы флюромашинада флюорографиялық тексеруден өте алады. Ал көрсетілімдер болған жағдайда облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Нұрлан Әмір және облыс бойынша штаттан тыс рентгенологы Жәнібек Айтбаев, дәрігерлерден кеңес ала алады. Айта кету керек, туберкулезге қарсы күрес айлығының мақсаты – тұрғындарға дерт туралы ақпарат беріп, алдын алу және күрес шараларын күшейту. Айлық аясында туберкулездің алдын алу, анықтау және емдеу тақырыптарында ақпараттық науқандар, медициналық ұйымдарда, мектептер мен жоғары оқу орындарында дәрістер, акциялар ұйымдастырылуда.

Туберкулезге қарсы күрес айлығы жүруде

Облыс көлемінде туберкулезге қарсы бағдарламаның жүргізілуінің нәтижесінде аурушаңдылық көрсеткіші соңғы 10 жылда 2 есеге азайған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: