Сәрсенбі, 22 қазан, 00:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

ТЖМ тікұшағы жүкті әйелді шұғыл түрде ауруханаға жеткізді

21.10.2025

40 0

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты авиация қызметі шұғыл медициналық көмек көрсетуге атсалысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, 1994 жылы туған жүкті әйелдің жағдайы күрделенуіне байланысты оны Хромтау қаласынан Ақтөбе қаласына жедел жеткізу қажет болды.

Осы мақсатта «Қазавиақұтқару» әуе кәсіпорнының EC032 тікұшағы санитарлық рейс жасады. Операцияға кәсіби ұшқыштар мен санавиация дәрігерлері жұмылдырылды. Олар ұшу барысында пациентке барлық қажетті медициналық қолдауды көрсетті.

Экипаж бен медицина мамандарының жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында болашақ ана Ақтөбе қаласындағы медициналық орталыққа сәтті жеткізілді.

Қазіргі уақытта әйел дәрігерлердің бақылауында, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: