Сәрсенбі, 20 тамыз, 15:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

Үкімет дәрі-дәрмек бағасын 30%-ға дейін төмендету шараларын қабылдап жатыр

20.08.2025

38 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет халықты қолжетімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдап жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, фармацевтика саласында 2029 жылға дейін отандық дәрі-дәрмек өндірісі үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі тапсырманы орындау бойынша шаралар қолға алынған.

Баға қалыптастырудың ашықтығын арттыру мақсатында шекті бағаларды белгілеу тетігі қайта қаралып: артық шығындар алынып тасталып, дженериктер бағасы 30%-ға дейін төмендетілген.

Референттік баға белгілеудің жаңа моделін енгізу дәрі-дәрмек құнын 12%-ға төмендетуге мүмкіндік беріп, ал жалпы экономикалық тиімділік шамамен 50 млрд теңгені құраған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: