Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда жоғары медициналық колледжінде «12 мамыр – Халықаралық Мейірбикелер күні» кәсіби мерекесі қарсаңында «Үздік маман – 2025» кәсіби конкурсы өткізiлдi.
Орта буын медицина қызметкерлерінің кәсіптік беделін арттыруға, кәсіптік шеберлігін, бастамалары мен шығармашылығын жетілдіруге бағытталған сайыста алдымен облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мая Миранбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттiлiк тiледi.
«Конкурсанттардың портфолиумдарын бағалау» және «Практикалық дағдылардан өту» кезеңдерiнен құралған конкурста бақ сынаған мейіргер мамандар кәсіби мереке күнi «Үздік БМСК ұйымдарының мейіргері», «Үздік аурухана мейіргері», «Үздік ауылдық мейіргер», «Үздік дантист», «Үздік фельдшер», «Үздік акушер» номинацияларымен марапатталатын болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!