Ресейлік дәрігер-эндокринолог Диляра Лебедеваның айтуынша, үнемі ұйқының дұрыс қанбауы адам денсаулығына зиян келтіреді. Дәрігер ұйқының қажетті деңгейде болмауының өлім қаупіне әкелетінін ескертті , – деп хабарлайды lenta.ru .
Лебедеваның айтуынша, ұйқы бұзылған кезде шырышты қабықтарды қорғайтын жасушалардың саны азаяды. Осыған байланысты иммундық жүйе бұзылып, бөгде микрофлора өсіп, эпителий жасушалары жойылады.
Бұл факторлар Leaky Gut синдромына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ гепатит, 1 типті қант диабеті, ішек қатерлі ісігі, миома сияқты ауыр ауруларға әкелуі мүмкін дейді эндокринолог. Сонымен қатар, ол ұйқының дұрыс болмауы депрессияны тудыруы мүмкін деп қосты.
Leaky Gut Syndrome (ағылшынша «тесік ішек синдромы» деп аударылады) – бұл медициналық термин емес, бірақ функционалдық медицинада қолданылатын концепция. Бұл синдром адамның ішек қабырғасының өтімділігі жоғарылап, сол арқылы қанға зиянды заттардың, бактериялардың және ас қорыту өнімдерінің өтуімен сипатталады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!