Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ұлт денсаулығы – басты назарда

27.05.2021

1371 0

Қызылордалық «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі «Ұлт денсаулығы – басты назарда!» әлеуметтік жоба аясындағы қорытынды конференциясын өткізді.

          Шараға Қазақтан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова, Денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры Гүлжан Шайхыбекова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы филиалының Бақыт Исмағанбетов, сондай-ақ медициналық мекеме, азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

          Конференцияда қоғамдық қордың төрайымы Мадина Төлепова АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы аясында Еуразия қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Ұлт денсаулығы – басты назарда!» жобасының өңірде жүзеге асырылу барысында анықталған мәселелерге, жүргізілген жұмыстардың негізінде қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.

          Атап айтқанда, «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі жоба аясында 1665 адамның арасында сауалнама жүргізіп, түрлі саланың 31 өкілімен сұхбаттасқан. Сонымен бірге облыстың 14 тұрғынының денсаулық сақтау саласына қатысты проблемалары жан-жақты зерттеліп, шешу жолдары қарастырылған.

          Конференцияда Мадина Төлепова жалпы 2016 жылмен салыстырғанда өңірде денсаулық сақтау саласын жақсарту бағытында қабылданған жұмыстар оң нәтиже беріп жатқандығын, дегенмен әлі де болса жетілдіруді қажет ететін мәселелер бар екендігін жеткізді. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру барысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы мен денсаулық сақтау басқармасы тарапынан өте үлкен қолдау көрсетіліп, тұрғындардың денсаулығына қатысты нақты мәселелерде жедел көмек көрсетіп, шешім қабылдауда аталмыш ұйымдардың аса үлкен белсенділік танытқандығын да айтып өтті.

          Конференцияда сала мамандары денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді талқылап, шешу жолдарына қатысты ұсыныстарын Парламент Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова мен Денсаулық сақтау министрлігінің өкіліне жеткізді.  

          Өз кезегінде Парламент Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова қоғамдық бірлестік  тарапынан жобаны жүзеге асыруда ауқымды жұмыс атқарылғандығына, нәтижесі бойынша әзірленген ұсыныстардың маңыздылығына тоқталып, мүдделі мемлекеттік органдар аталмыш ұсыныстар бойынша тиісті шаралар қабылдаса деген тілегін жеткізді. Ал Парламенттік деңгейде қаралатын мәселеге қатысты Сенат депутаты ретінде қолдау білдіретіндігін атап өтті.

          Айта кету керек, «Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысында «Ұлт денсаулығы – басты назарда» жобасын жүзеге асыруда. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: