Дені сау ұлт – тұрақты дамудың негізі. Бұл мақсатқа жету үшін денсаулық сақтау жүйелерін нығайтып, сапалы медициналық көмек көрсету мен алдын-алу шаралары күшейтілуі қажет.
Бұл тұрғыда Сыр өңірінде серпіліске толы іргелі істер жыл сайын жаңғырып, жаңа ғимараттар ел игілігіне беріліп келеді. Соның бірі аймақ басшысының үйлестіруімен жүзеге асқан заманауи «Қан орталығы».
Бұл нысанның өңір үшін маңызы зор. Өйткені ұлт денсаулығын сақтаудың ең тиімді жолы ретінде орталық жылына он мың адамға қызмет көрсетсе, медициналық ұйымдардың сұранысына сай 17 мың дозадан астам қан компоненттерін дайындауға мүмкіндігі бар.Қазір «Қан орталығына» келіп, сапалы қызметін алған қызылордалықтар алғыстарын білдіруде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!