Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Вакцина егу шілдеге дейін созылады

17.03.2021

1510 0

Мамандардың айтуынша, Covid – 19 коронавирус инфекциясының пандемиялық таралуын тоқтатудың ең тиімді тәсілі –қатаң карантиндік шара мен жаппай вакцина салу арқылы халықтың иммунитетін қалыптастыру. Алайда індетке қарсы жүргізіліп жатқан вакцинациялау бойынша халық арасында алып қашпа әңгімелер жиі айтылады. Одан бөлек, вакцинаны тасымалдау, сақтау, ағзаға әсері сынды мәселелер тұрғындарды әлі де алаңдатып отыр.

Бүгін осы және өзге де мәселе «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысында талқыланды.

Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбитбек Пазылов баяндама жасап, өңірде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Бас дәрігердің айтуынша, облысқа қаңтар айының соңында ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы «ҚР халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» №3 қаулысы регламенті талаптарына сәйкес, «Спутник V» вакцинасының алғашқы 1000 дозасы қабылданып, 01-17 ақпан аралығында бұл вакциналар 100%- ға азаматтарға егілген. Олардың 939-ы медицина қызметкерлері болса, 61-і қала тұрғындары. Қазіргі таңда, осы вакцинаның екінші кезеңі бойынша 3600 дозасы қабылданып, 1571 медициналық қызметкерге, 252 оқытушыға, 29 полиция қызметкері мен өзге де 107 азаматқа егілген. Вакцина алған барлық тұрғындардың денсаулық жағдайлары аймақ дәрігерлерінің бақылауында, қолайсыз жағдай немесе асқыну белгісі әзірге тіркелмеген.

Басқарма басшысы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, өңірге барлығы 80 000 доза вакцина кезең-кезеңімен жеткізілетін айтып, егу жұмыстары ағымдығы жылдың шілде айына дейін жалғасатынын атап өтті.

Жиында сондай-ақ вакцинаны сақтау мәселесі де сөз болды. Маманның сөзінше, препараттар минус 18°С төмен температурада сақталып, барлық деңгейде вакцинаны сақтау суықтық тізбегіне сәйкес тасымалданды. Тасымалдау термоконтейнерлерде, жабдықталған арнайы автокөлікте авторефрижератормен жүзеге асырылған. Вакциналарды қабылдау үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасымен арнайы комиссия құрылған. Қабылдау кезінде комиссия мүшелері толықтай қатысып, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талап-ережесінің орындалуы қатаң қадағаланған. Вакцина авторефрижераторлардан түскен кезде экспедитор-жүргізуші бүкіл жол бойында температуралық тәртіптің сақталуын растайтын терморегистратордың деректерін ұсынады. Осы тәртіппен, вакциналар облыстағы 11 БМСК ұйымдарына жеткізілген. Оның 8-і аудандық, 3-і қалалық БМСК ұйымдары. Вакцина қабылданған барлық медициналық ұйымдардың егу кабинеттері тоңазытқыштармен, басқа да

сақтау және тасымалдауға арналған құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етіліп, егу жұмыстары санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілуде.

Атап өту керек, вакцина бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлері, оқытушылар, студенттер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен созылмалы аурулары бар тәуекел топ өкілдеріне егіледі. Вакцинация ерікті түрде, яғни, вакцинация алуға азаматтар өз еркімен келісім беруі керек.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: