Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Вакцина салдырған қазақстандықтарды жұмыстан босата ма? Министрлікте жауап берді

15.04.2021

1584 0

Қазақстанда адамдарға вакцина алғаннан кейін өзін нашар сезінген жағдайда жұмысқа шықпауға мүмкіндік беретін жеке механизм әзірленбейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында вакцина алғаннан кейін өзін нашар сезінген қазақстандықтар туралы сұраққа жауап берді.

«Өзін нашар сезіну туралы: мұндай адамдар көп емес шығар. Әр организм жеке. Егер жанама әсерлер пайда болса, вакцинациядан кейін 30 минут уақыт бар, адам бақылауда болады. Жанама әсері болса, адам дәрігерге жүгіне алады. Егер дәрігерге жүгініп, ауру белгілері анықталса, сіз науқасқа арналған демалысты аша аласыз. Мұның бәрі жеке қарастырылады. Ал барлығына демалыс күнін бөлуді қарастыру – мұндай мәселе, менің ойымша, орынды емес», – деді Ержан Біржанов.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ақпан айының басынан бері 500 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Сәуір айында вакцина алғандардың саны 2,3 миллионға жетеді деп жоспарлануда. Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны емханаларда,  вакцинация пункттері бар сауда-ойын-сауық орталықтарында ала алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: