Жұлдыз ШОҚПАРОВА, облыстық перинаталдық орталығының неонатология ісі жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, неанатолог дәрігер:
«Қазіргі таңда вирустың мутацияланған жаңа түрі «Дельта» штамның қауіптілігі аса жоғары болып отыр. Вирустың бұл түрінің жұғу пайызы жоғары. Сондықтан, бұл дерттің алдын-алып, сақтанудың жалғыз жолы – вакцина салдыру.Әрине, екпе алу арқылы біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да қорғай аламыз. «Сovid-19» пандемиясы кезінде вакциналау өте маңызды. Бұл жұқпалы аурудың таралуын бәсеңдетеді. Сондықтан аурудың алдын алу және жақындарымызды қорғау мақсатында жаппай вакцина алуымыз қажет.
Мамандардың айтуынша вакцинация – індеттен қорғанудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Екпеден кейін әсері болуы мүмкін, бірақ бұл табиғи процесс. Вакцинадан кейін сізде «COVID-19» вирусына қарсы иммунитет қалыптасады.
Коронавирус респираторлық жолмен жұғады. Инфекция ауру жұқтырған адамнан келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы беріледі.. Вирусты өлтіру және олардың адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттарды қолдануға болады. Қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу; қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану; көп адам жиналған орындардан аулақ болу, барған жағдайда міндетті түрде бетперде тағу; салқын тию белгілері пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет».
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!