Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 12:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Вакциналау: Қызылорда алғашқы бестікте

30.10.2021

615 0

Облыс көлемінде бүгінге дейін коронавирус инфекциясының 18 639 жағдайы тіркелді. Ауруға шалдыққандардың 70 проценті клиникалық белгілерімен анықталған. Дегенмен соңғы 2 айдағы көрсеткіш бойынша коронавирусқа шалдыққандар деңгейі төмендеп келеді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова мәлімдеді.

«Бүгінде белсенді ошақ саны – 418 екені белгілі болды. Оның ішінде үй ошағы – 358, ал ұйымдасқан ұжымдардағы ошақ саны 60-ты құрайды. Мамандар облыс тұрғындары арасында вирус таралуының алдын алу мақсатында белгіленген карантин талаптарының сақталуына мониторинг және күн сайын КВИ эпидахуалына арнайы тексерістер жүргізеді. Яғни жас шамасына байланысты індеттің жұқтыру көрсеткіші мен оның себебі қандай екендігін зерделейді. Соңғы нәтижелерге сүйенсек, коронавирус жұқтырудың жоғары көрсеткіштері жұмыссыздар мен зейнеткерлер және мектеп оқушылары арасында анықталуда. Ал медициналық қызметкерлер, педагогтар, күш құрылымдары қызметкерлері арасындағы індетке шалдығу деңгейі өте төмен. Бұл вакциналаудың коронавирусқа қарсы тиімділігін дәлелдеп отыр», – деді департамент басшысы Динара Олжабайқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: