Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бас оқу ғимаратында коронавирусқа қарсы «Спутник-V» вакцинасын егу жұмыстары басталды.
Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында университет қабырғасынан вакцинациялауға арнайы кабинет ашылып, онда алдын-ала залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге барлық санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оқытушы-профессорлар мен білім алушыларға екпе салынды. Айта кетерлік жайт екпе жұмыстары оқытушылар мен студенттерге ерікті түрде жүргізілді. Алдағы күндері вакцинациялау жұмыстары күнделікті ұйымдастырылады.
Екпені алғашқылардың бірі болып университет ректорының міндетін атқарушы Абайбек Жүнісов алды. Сонымен қатар университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай екпе қабылдап, барша азаматтарды вакцина салдыруға шақырды.
Екпені қаладағы №6 емхананың қызметкерлері салды. Олар әр екпе салушынының денсаулық жағдайын таразылап, вакцина қабылдауға рұқсат берді. Вакцина егілген қызметкерлердің барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!