Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 12:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Зәуре Атабаева: Вакцинациялау – маңызды науқан

04.02.2021

1586 0

Әлемді әбігерге салған коронавирус инфекциясының адамзатқа тигізген зардабы аз емес. Бүгінде вирусты жеңу үшін ғалымдар аянбай еңбек етіп, вакцина ойлап тапты. Енді сол індеттің алдын алу мақсатында – вакцина егу науқаны Қазақстанда басталды. Елімізде екпені алу ерікті түрде жүргізіледі. Одан бөлек, вакцина салдырудың өзіндік шарттары бар.

Мәселен, бірінші кезекте екпе медицина қызметкерлеріне салынады. Оның ішінде алдымен инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелердің мамандары вакцина салдырады. Одан кейін педагогтар, учаскелік полицейлер мен студенттер, төтенше жағдайлар қызметкерлері дегендей арнайы контингенттерге бөлінген. Ал содан кейін созылмалы аурулары бар адамдарға екпе егу басталады.

Жалпы вакцинациялау екі кезеңнен тұратыны көпке белгілі. Ең алдымен І компонент 0,5 мл доза егіледі. Кейін алғашқы дозаны салған күнді есептемегенде 21 күн өткен соң 0,5 мл көлемде ІІ компонент екпе салынады. Міне, осы екі дозаны толық алғаннан кейін ғана иммунитет қалыптасады.

Бүгінгі таңда коронавирусты инфекцияға қарсы екпе жұмыстары қалалық №1, №3 және №6 емханаларда жүргізілуде. Бүгін біздің емхананың қызметкерлері алғашқы екпесін алды. Екпеден кейінгі асқынудың ешқандай белгілері байқалмады.

Зәуре АТАБАЕВА,

«Алексей Сұлтан» емханасының эпидемиолог дәрігері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: