Жұма, 07 қараша, 16:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Зейнетақы жинағын көз ауруларын емдеуге пайдалану күрт артты

07.11.2025

46 0

Фото: pixabay.com

Қазан айында азаматтар офтальмологиялық қызметтерге зейнетақы жинағын пайдалану туралы 15,4 мың өтінім берген. Бұл көрсеткіш қыркүйекпен салыстырғанда шамамен 10 есе, ал жыл басындағы орташа деңгейден 70 есе жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі БЖЗҚ-ға сілтеме жасап. 

Мамандардың айтуынша, зейнетақы жинағын емделуге пайдалану құрылымы түбегейлі өзгерді. Стоматологиялық қызметтерге төлем тоқтаған соң қаражаттың басым бөлігі көз ауруларын емдеуге бағытталған. 

Қазанда офтальмологиялық қызметтер алу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану туралы 15,4 мың өтінім орындалды. Бұл қыркүйектегі көрсеткіштен шамамен 10 есе, ал 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы орташа мәннен 73 есе көп. Сомасы жағынан бір айда 13,3 млрд теңге болды. БЖЗҚ деректері бойынша бұл қыркүйекке қарағанда 9 есе, ал жылдың алғашқы сегіз айындағы орташа көрсеткіштен 83 есе артық, – деп жазылған хабарламада. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: