Бейсенбі, 04 желтоқсан, 13:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Жалған ақпарат: МӘМС аясында балаларға тіс импланттарын орнататын пилоттық жоба жүргізіліп жатқан жоқ

04.12.2025

30 0

Фото: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі

«Балаларға импланттар мен брекеттерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен орнататын пилоттық жоба» басталғаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. МӘМС  жүйесінде тек балаларға жедел және жоспарлы түрде бірқатар стоматологиялық қызметтер, соның ішінде ортодонтиялық көмек қана қарастырылған.

Ақпараттық кеңістікте Алматы, Астана, Шымкент қалаларында және бірқатар облыстарда 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМС аясында брекеттер мен импланттар орнату бойынша пилоттық жоба іске қосылғаны туралы хабар тараған болатын. Алайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазіргі уақытта мұндай жобаның іске қосылмағанын ресми түрде хабарлайды.

«Естеріңізге сала кетейік, МӘМС бойынша тегін тіс емдеу көмегіне халықтың белгілі санаттары қол жеткізе алады. Атап айтқанда, балалар жедел және жоспарлы стоматологиялық қызметтерге жүгіне алады. Оларға күрделі тісжегіні, пульпитті және периодонтитті емдеу, тіс түбірін пломбалау, тіс жұлу,  абсцессті ашу, пластикалық операциялар, пародонт қалталарын санациялау, сондай-ақ алдын алу шаралары – фиссураларды герметизациялау, реминерализация, миотерапия және басқа да қызметтер кіреді. МӘМС жүйесі бойынша сондай-ақ ортодонтиялық көмекті де алуға болады. Ортодонтиялық көмек жақ-бет аумағының туа біткен патологиясы бар балаларға, тіс-жақ аномалиялары бар аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі», – деп мәлімдеді Қордың баспасөз қызметі.

Аталған қызмет тізіміне ортодонт кеңесі, туа біткен жақ-бет патологиясы бар балалар үшін ортодонтиялық пластинканы қолдана отырып тіс-жақ аномалияларын түзету, ортодонтиялық коррекция, кешенді бастапқы тексеру, тіс қалыбын алу, сүт және тұрақты тістерді тегістеу, сондай-ақ ортопантомография кіреді.

Туа бітті және жүре пайда болған жақ-бет аймағының деформациялары бар балаларға медициналық көмек стоматолог дәрігердің көрсетілімдері бойынша амбулаториялық жағдайда немесе стоматологиялық және жақ-бет хирургиясы қызметтерін көрсететін медициналық ұйымдарда бет-жақ хирург-дәрігері тарапынан көрсетіледі.  Барлық аталған қызметтер МӘМС аясында ұсынылады.

Еске саламыз:

Жоспарлы стоматологиялық көмекті балалар мен жүкті әйелдер ала алады.

Жедел стоматологиялық көмек төмендегі санаттарға көрсетіледі:

  • балалар;
  • жүкті әйелдер;
  • зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлеріне;
  • 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар азаматтарға;
  • атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
  • жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын пациенттерге;
  • мүгедектігі бар баланы немесе І топ мүгедегін күтетін жұмыс істемейтін тұлғаларға;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға.

Бұл ретте жағдайдың жедел санатына жатқызылуы, оның ішінде қатты ауырсынудың бар-жоғы – пациенттің жағдайына жүргізілген клиникалық бағалау негізінде стоматолог дәрігердің қабылдайтын шешіміне байланысты.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: