Сенбі, 14 маусым, 11:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 – 2155
10.06.2025
PDF мұрағаты

Жас ғалым инсультті болжаудың жаңа әдісін ойлап тапты

13.06.2025

132 0

ҚазҰУ жас ғалымы инсультті болжау әдісін әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жобамыздың келесі кейіпкері – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымы Ажар Тұрсынова.

Жас зерттеуші адам өміріне қауіп төндіретін ми инсультін ерте анықтаудың жаңа кешенді жүйесін дайындады. Аталған ғылыми әдіс жасанды интеллект көмегімен жүргізіледі. 

Оқу ордасының зерттеушісі әзірлеген ғылыми жоба инсультті ерте болжауға, медициналық шешімдер қабылдауды жеделдетуге көмектеседі. Нәтижесінде адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді.

Инсульт – денсаулық сақтау саласындағы жаһандық мәселе. Қазіргі әдістер көп уақыт пен күшті талап етеді. Біздің жүйе жасанды интеллект арқылы КТ мен МРТ кескіндерін тез әрі дәл талдауға көмектеседі. Бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, инсультті дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді, – дейді зерттеуші.

Жас зерттеуші жобасына патент алған, енді оны қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: