Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жазғы демалыс уақытын қалай қауіпсіз өткізуге болады?

17.05.2023

511 0

Жаздың басталуына санаулы күндер қалды. Күнге қыздырынып, табиғат аясына шығып, серуендеу, балмұздақ алып, су айдындарына шомылу маусымын көпшілік асыға күтеді. Дегенмен оны қауіпсіз өткізудің жолдарын, сақтық шараларын да ұмытпаған жөн.  
Орманға, саябаққа шығып, қалалық шуылдан бір сәт демалып,  табиғатпен үндесіп, күш пен шабыт жинай аласыз, алайда кенеден келетін кеселді де ұмытпаған дұрыс. Бұл жәндіктер түрлі  инфекциялық аурулар – кене энцефалиті мен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының тасымалдаушылары болып табылады. 
Кенелерден сақтану үшін қандай шараларды орындау қажет?
Киім біртекті ақшыл түстес болғаны дұрыс, себебі ондай киімнен кененің бар-жоқтығын байқау оңай.  
Шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу керек. Бұл эстетикалық тұрғыдан әдемі көрінбесі анық, есесіне дененің біраз бөлігі жабық, қауіпсіздікте болады.
Бас киім кию. Біріншіден, күннің өтіп кетуінен қорғайды, екіншіден, мойын мен шекені кене шағудан сақтайды.   
Өзіңізді, достарыңыз бен бірге ертіп жүрген жануарлардың үстін жиі тексеріп отырыңыз. 
Үйге келгеннен кейін де  өзіңізді бастан-аяқ тексеріп шығыңыз.
Табиғат аясына киіп шыққан киіміңізді міндетті түрде тазалап алыңыз.
Егер өзіңізден кене тауып алған болсаңыз, үрейге бой алдырмаңыз!
Тез арада мұқият денеден алып тастаңыз. Май құюдың қажеті жоқ. Ең дұрысы пинцетті немесе дәріханадан кенені алып тастауға анналған құралды пайдаланыңыз.
Егер Сіз энцефалит немесе боррелиоз аурушаңдығы белсенді таралған аймақтан оралған болсаңыз, кенені сараптауға өткізіңіз.
Тез арада вакцина қабылдау үшін медициналық мекемеге жүгініңіз.
Келесі қауіп – ішек инфекциялары.
Жаз мезгілінде күннің жылынуына байланысты тағамнан улану деректері жиілей түседі. Медициналық статистикаға жүгінсек, аурушаңдық көрсеткіші 40 және одан да жоғары көрсеткішке арта түседі. Аурудың алдын алу жолдары қандай?  
Аптап ыстықта тез бұзылатын тағамдарды сатып алмаңыз: ірімшік, сүтқышқылды өнімдер, бәліштер, балық, суши, құйылмалы балмұздақ және майонезі бар салаттар.
Тағамдарды сақтау талаптары орындалмайтын, күмән келтіретін жазғы тамақтану орындарынан ауқат сатып алудың да өз қаупі бар. Есіңізде болсын, Сіз сатып алатын өнімнің құжатын сұрауға толық құқылысыз.
Бірқатар өнім күн ыстықта өз балғындығын жоғалтып, керісінше денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Әсіресе, мұны кәуапқа етті маринадтау кезінде ескеру керек.
Жеміс-жидектерді мұқият жуыңыз.
Егер зиянсыз саңырауқұлақтарды таңдауда тәжірибеңіз болмаса тәуекелге бармағаныңыз дұрыс.
Егер тағамнан уланып қалған болсаңыз не істеу қажет?
5-7 л көлемінде су ішіп, асқазанды жуу керек, кейін сорбент қабылдауға болады.
Тынығу.
2-3 сағат көлемінде тамақтанбау. Тек сұйықтық ішуге кеңес беріледі.
Дене қызуын бақылауда ұстау.
Қажет болған жағдайда дәрігер көмегіне жүгіну.
Демалыс-бұл керемет уақыт, ең бастысы күш-жігерді қалпына келтіру үшін қажет. Сондықтан оны қауіпсіз өткізу керек. Өзіңізді қорғаңыз!

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: