Сейсенбі, 07 қаңтар, 10:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Жеке медициналық кітапшалар енді электронды түрде беріледі

05.01.2025

202 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жургізу кағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы №ҚР ДСМ-196/2020 бұйрығына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 13 наурыздағы №9 бұйрығымен өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
Бұйрықтың жаңа өзгерістеріне сәйкес «Жеке медициналық кітапшалар» модулі (жеке медициналық кітапшаны тіркеуге, сақтауға, беруге, іздеуге, таратуға, пайдалануға және есепке алуға арналған медициналық ақпараттық жүйенің, ақпараттық блогы) 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап толықтай электрондық нұсқаға көшірілді, яғни жеке медициналық кітапшаны беру тек электрондық форматта (кағаз форматы алынып тасталады) жүзеге асырылады.
Жеке медициналық кітапшаларды беруді меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан медициналық қызметке лицензиясы бар және ақпараттық жүйеде тіркелген ресурстарды басқару жүйесі бар медициналық ұйымдар жүзеге асырады.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап электрондық форматтағы жеке медициналық кітапшаны алу үшін ТХТ (тіркелген халық тізілімі) бойынша тіркелген медициналық ұйымға хабарласу қажет.
Сонымен қатар жеке медициналық кітапша жұмысқа жіберу туралы белгімен беріледі және қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасы мен денсаулық сақтау субъектісінің QR-коды арқылы куәландырылады.
Электрондық форматты енгізе отырып, жеке медициналық кітапшаларды бірден бірнеше ұйымда ұсынуға болады, бұл азаматтардың қаражатын үнемдейді.Тағы бір маңызды артықшылық – бұл қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін санкітапшаларды бұрмалау фактілеріне жол бермеуге мүмкіндік береді.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: