Жұма, 22 қараша, 02:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жеке құрам вакцинаның төртінші кезеңін қабылдады

21.07.2022

521 0

Елімізде тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді.

Мұны COVID-19 – дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегінен байқауға болады.

Ақпарат легіндегі деректерге сүйенсек, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 2257 адамнан анықталды.

Елордамыз сары аймаққа өтті. Сондықтан, өңірлерде тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың 4-кезеңі басталды.

Осыған орай, Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторы қызметкерлері Qaz Vac вакцинациясын алуда.

Тергеу изоляторының қауырт жұмысына байланысты, мекемеге № 6 қалалық емханасынан арнайы маман шақыртылды. Арнайы контигентпен тікелей жұмыс жасайтын жеке құрам уақыт тауып, кезекпен төртінші екпені қабылдауда.

Мен вакцинацияның төртінші кезеңін алдым. Елімізде короновирустық инфекцияның әртүрлі сыйпатта таралуына байланысты, Qaz Vac вакцинациясын өзім және жақындарымның денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында қабылдадым. Емхананадан келген вакцинатор дәрігер Охотова Айгүл 3 күнге дейін суға түспеуім керектігін ескертті – деді, мекеменің кинолог маманы әділет аға сержанты Ғ.Томаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: