Сәрсенбі, 07 қаңтар, 08:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

ЖИ құралдары инсульт пен обырды ерте анықтауда негізгі құралға айналуда

16.12.2025

175 0

Фото: pixabay

Қазақстанда ЖИ-құралдары инсульт пен обырды ерте диагностикалауға көмектеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде сарапшылар қолдану бағыттары, жетілу деңгейі және клиникалық маңыздылығы бойынша жіктелген 50-ден астам MedTech шешімдерін талдады.

Жобалардың негізгі бөлігі диагностиканы, оңалтуды жақсартуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және медициналық ақпаратты өңдеуге бағытталған.

«Инсульт, өкпе және сүт безі обырын ерте диагностикалау, сондай-ақ стоматологиялық суреттерді талдау саласындағы басым ЖИ-жобалардың тізбесі қалыптастырылды. Бұл шешімдер қазірдің өзінде әртүрлі өңірлердегі медициналық ұйымдарда енгізіліп, кеңейтілуде»,- делінген ақпаратта.

Осылайша, медициналық қызметтердің сапасын талдау және басқару, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау, сондай-ақ созылмалы жүрек жеткіліксіздігін ерте анықтау үшін ЖИ-құралдарын енгізу жоспарлануда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: