Жұма, 27 желтоқсан, 08:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жіті ішек инфекциялары балалар арасында жиі кездеседі

16.05.2023

852 0

Күннің жылынуымен жедел ішек инфекциясы ауруының қаупі күрт арта түседі. Себебі ауа температурасының жоғарылауынан сыртқы ортада ауру қоздырғыштарының тіршілік етуіне және көбеюіне қолайлы орта қалыптасады. Жыл басынан бері аталған инфекция жұқтырудың барлығы 289  жағдайы  тіркелген. 100 мың халыққа  шаққандағы  аурушаңдық көрсеткіш 34,17 құрап, өткен 2022 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 30,5%-ке  артып отыр. Ауруға шалдығу деректерінің басым бөлімі облыс орталығының үлесінде – 92,2%.

Барлық тіркелетін жіті диареяның басым көбібалалардың үлесінде.Атап айтқанда, жұқпалы жедел ішек ауруларымен науқастанғандардың 89 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар, соның ішінде жоғарғы аурушандық көрсеткіш 2 жасқа дейінгі балалар арасында анықталуда.

Эпидемиологиялық сауалнама жүргізу барысында ауру жұқтыру себептерінің 80% тағаммен, 12% бала күтүміне салғырттықпен, 8% жеміс-жидектермен байланысты болды.

Аймақта эпидемиологиялық ахуал өршуінің алдын алу мақсатында жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанудың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы шұғыл іс-шаралар күшейтілді. Топтасқан тамақтан улану жағдайларын болдырмау мақсатында  білім беру мекемелерінің ас блогы қызметкерлері, қоғамдық тамақтану орындарының ас әзірлеушілері арасында санитариялық ағарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Тамақ, су, тұрмыстық заттар, ойыншықтар аурудың берілу факторлары болып табылады. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті антисанитарлық жағдайларды болдырмай, жеке гигиена және санитарлық ережелерді сақтау, орындау аса маңызды екенін еске салады.            

Динара Жанабергенова,

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы     

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: