Жұма, 22 қараша, 22:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жіті ішек инфекциясының алдын алу үшін тазалыққа мұқият болыңыз

05.05.2023

1111 0

Қызылорда облысы бойынша 2023 жылдың 4 ай қорытындысымен  жіті  ішек инфекцияларының 289 жағдайы тіркеліп, аурушандық көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 34,1 құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 8 жағдайға жоғары. Аурушаңдықтың өсу тендениялары Жалағаш, Қармақшы, Шиелі аудандары мен қызылорда қаласында орын алды. Облыс көлемінде тіркелген жұқпалы жіті ішек ауруларының басым көпшілігі, яғни 92%  Қызылорда қаласының үлесінде.

Жұқпалы жіті ішек ауруларымен науқастанғандардың 89%-і 14 жасқа дейінгі балалар, соның ішінде 2 жасқа дейінгі балалар 60-70%  құрап отыр.

Облыс көлемінде жіті ішек инфекциялары бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық ахуалдың қалыптасуы тұрғындар тарапынан ішек инфекциялары мен тағамдық уланудың алдын алу жөніндегі санитариялық-гигиеналық нормалар мен қағидалардың сақталмауымен байланыстырылады. Әсіресе, бала күтімінің нашарлауы, яғни ас-су беретін шөлмектері тазалығына жіті назар аударылмайды. Түрлі топтардың жедел асқынған ішек инфекцияларымен сырқаттануы жазғы маусымда көбейеді, бұған қоршаған орта температурасының жоғарылауы, сусынды, жеміс-жидектерді көп қолдану, азық-түліктің тез бұзылуы себеп болады.

Соңғы уақытта тұрғындар арасында мерзімінен ерте піскен бақша өнімдері мен жеміс жидектерді тұтыну салдарынан індетке шалдығу деректері жиілей түсті. Бұл ретте жеміс-жидектерді жумай пайдалану, дұрыс сақтамау, сондай-ақ құрамында нитраттардың мөлшерден тыс болуы – басты себептер деп болжанады. Сондықтан жеміс-жидектердің табиғи піскен мерзімін күткен дұрыс. Бұл уақытта өнімдер анағұрлым қауіпті, яғни нитратпен улану деңгейі жоғары. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды тұрғындарға нитраттардың зияны туралы ескертіп, жеміс-жидектерді рұқсат етілмеген орындардан сатып алмауға кеңес береді.

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: