«СК Фармация» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлыбек Асылбеков 2025 жылғы 29 желтоқсанда өткен брифинг барысында ағымдағы жылдың шілдесінде жоғары бағамен сатып алынған тай медициналық қолғаптарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) «Фармация» СК арқылы 8,1 миллиард теңгеге 63 миллион жұп медициналық қолғап сатылып алынғанын хабарлаған. Бұл ретте аталған көлемдер мен сипаттамалар Таиландтан әкелінген қолғаптар партиясымен сай келетіні анықталды. Аудиторлар өнімнің шығарылған елінің атауы өзгертілген болуы мүмкін екенін айтқан. Сондай-ақ, қолғаптардың тым қымбат бағаға сатылғаны да айтылды.
«Біздің мамандар қолғапты жоғары бағамен сатып алған жоқ. Шекті баға деген ұғым бар. Және бұл қолғаптар шекті бағадан төмен бағамен сатып алынды. Сонымен қатар, қазір бізде ЖАП ұсынысы бойынша жұмыс жүргізілуде, біз сатып алған медициналық препараттар немесе бұйымдар нарықта, дәріханаларда немесе көтерме саудадағы бағадан жоғары болмайтындай етіп НҚА-ға өзгерістер енгізілуде. Биыл солай жасаллды да. Әрине, бізге осы қолғаптарды сатқан компания тарапынан түсініктемелер болды. Бұл мәселені біз өз назарымызға алдық, қазір ол бойынша ұзақ мерзімді шарттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, мониторинг жасап, сатып алулар арасында салыстыру жұмыстарын жасап жатырмыз», – деді Асылбеков.
Өз кезегінде, компанияның заңгерлері Бірыңғай дистрибьютор тарапынан барлық іс-әрекеттер қолданыстағы заңнама шеңберінде заңды түрде жүргізілгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша ешкім жазаланбаған немесе тергеуге алынбаған.
Қазан айында «СК-фармацияның» үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
