Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін не істеу керек?

16.01.2023

1068 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Тұмау жыл сайын көптеген елдерде эпидемиялық сипатта таралатынжаһандық инфекция. Бұл аурудың эпидемиологиялық маусымы күз, қыс, көктем мезгілдерін қамтиды. Қазақстанда, әлемнің басқа елдеріндегідей тұмау және ЖРВИ денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Қызылорда облысы бойынша 2022-2023 жылғы эпидмаусымда жіті репираторлы вирусты инфекциясын жұқтыурдың 17396 жағдайы есепке алынды. Ауруға шалдыққандардың  65,8 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде 13,3 пайызы – 1 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Ауруханаға жатқызу көрсеткіші 15 пайызды құрады, оның ішінде 17 пайызы – жүкті әйелдер,  23  пайызы – 1 жасқа дейінгі балалар.

2022-2023 жылғы эпидмаусымда (40-02 апта аралығында) жалпы облыс бойынша ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың ауыр ағымындағы 2098 науқастың сынамасы ПЦР әдісімен тексерілді. Нәтижесінде зертханалық жолмен тұмау ауруының 354 жағдайы нақтылады. Басым бөлігі, яғни 74,4 пайыз облыс орталығында тіркелді. Анықталған 354 тұмау вирусының 75 пайызы В штамына сәйкес келсе, қалған25 пайызы А (H1N2) түрінің үлесінде.

Тұмау емес вирусты анықтау мақсатында 1805 сынама зерттеумен қамтылып, нәтижесімен 17 тұмау емес вирустар анықталды, оның ішінде басым көпшілігі  аденовирус түрі.  

Тұмау ауруының алдын алудағы ең тиімді әдіс – вакцинация. Вирусқа Иммундау науқаны жыл сайын күзде басталады. Бұл екпе аурудың ауыр түрлерін, ауруханаға түсу жағдайларын, өлім-жітімді төмендетеді, тұмауды жұқтырып алу қаупін сейілтеді, жалпы эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап тұруға өз септігін тигізеді.Вакцинация қауіпсіз. Вакцинациядан кейін кейбір адамдарда екпе жасаған жерде қызару және ауырсыну, бас ауыруы және бұлшық ет ауыруы, азғана дене қызуы, әлсіздік және жүрек айнуы сияқты жанама әсерлері болуы мүмкін. Бұл әсерлер тез жойылады.

Тұмау ауруының алдын алу мақсатында ҚР Үкіметінің «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту  туралы» Қаулысына сәйкес 85000 доза вакцина сатып алынды. 

Екпе емханалардағы егу кабинеттерінде жүргізіліп, 82676 азаматқа тұмауға қарсы вакцина салынды, оның ішінде балалар саны-20181, ересектер саны-62495. Барлық егілгендердің ішінде 3044-і – жүкті әйелдер, 19272-созылмалы аурулары бар мектеп оқушылары, 10720 – медициналық қызметкерлері, 140 -қарттар үйінің контингенттері. Жұмыс берушілер тарапынан 14792 жұмысшы егілді.

Жалпы облыс бойынша 2022-2023 жж эпидмаусында 97468 азамат тұмауға қарсы егіліп,  облыс тұрғындарының 11,5  пайызын құрады.

Қызылорда облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: