Жұма, 20 маусым, 21:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Жүкті әйелдер үшін жақсы жаңалық: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

20.06.2025

65 0

Фото: IStock

Қазақстанда әйелдер консультациялары қайта жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Бұл маңызды жаңалықты 2025 жылғы 20 маусымда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады:

«Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде медициналық қызмет көрсететін амбулаториялық қызметтерді біріктіре отырып, “Әйелдер консультациясы” бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіруде. Бұл бастаманың мақсаты – елдегі әйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру», – делінген ресми хабарламада.

Жаңартылған әйелдер консультациясы құрылымында мынандай қызметтер қарастырылады:

Құрсақтағы ұрықты қорғау орталықтары (бір күндік клиникамен бірге);

Отбасын жоспарлау орталықтары;

Жүктілікті сақтау (невынашивание) кабинеттері;

Жүктілігі жоғары қауіп-қатермен өтетін және экстрагениталды аурулары бар әйелдерге арналған кабинеттер (кешенді мультидисциплинарлық топпен жұмыс істейді);

Репродуктолог және балалар гинекологы кабинеттері.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облысында екі өлім жағдайынан кейін ондаған процедуралық кабинет жабылғанын хабарлаған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: