Сәрсенбі, 06 тамыз, 12:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58, 2171
05.08.2025
PDF мұрағаты

Жұмыс істейтін студент МӘМС жарналарын төлеуі керек пе?

06.08.2025

45 0

МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтарға жауап беруді жалғастырамыз. Қандай санаттағы қызметкерлер жарна төлеуден босатылады, жеке кәсіпкер болашақ кезеңге төлей алады ма? Осы және өзге де сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жұпар Алхожаева жауап берді.

Жеке кәсіпкер жарнаны есептік айдан кейін төлей ала ма?

Жарналарды ай сайын да, алдағы кезең үшін де алдын-ала төлеуге болады. Егер сіз кейінірек төлесеңіз, онда берешек пайда болады және ЖК МӘМС-те мәртебесін жоғалтады. Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер органдары төлемді кешіктіргені үшін өсімпұл есептейді.

Төлем кезінде ЖСН, ТАӘ, төлем сомасын қатесіз көрсету маңызды, әйтпесе жарналар кері қайтарылуы мүмкін. 2-3 жұмыс күні ішінде қаражаттың кері қайтарылуын тексеріңіз.

Қызметкер үшін МӘМС төлемдер кері қайтып келеді. Бұл немен байланысты?

Қызметкер үшін төленген қаражат жұмыс берушіге келесі жағдайларда кері қайтарылуы мүмкін:

1) Егер қаражатты аудару кезінде қызметкердің құжаттары (жеке куәліктің) ауысқан болса;

2) Егер қаражатты аудару кезінде қызметкердің деректері дұрыс енгізілмеген болса (ЖСН, ТАӘ-дегі қателер);

3) егер қызметкердің жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылатын қандай да бір жеңілдікті санатқа кірсе:

  • балалар;
  • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
  • зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС ардагерлері;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
  • мүгедектігі бар адамдар;
  • орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар.

Яғни, егер сіз жеңілдікті санаттардың біріне кірсеңіз, жұмыс беруші сіз үшін жарналар мен аударымдарды төлемеуі керек.

Мен студентпін. МӘМС жарналары менен ұсталмауы үшін жұмыс берушіге қандай құжаттарды ұсыну қажет? Жұмыс берушіге оқудың әр айы үшін анықтама беру керек пе?

Күндізгі бөлімде оқитын студенттер жеңілдік санатына кіреді және олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Жұмыс берушіге оқу мерзімі көрсетілген және ай сайынғы растауды қажет етпейтін оқу орнынан анықтаманы беруіңіз тиіс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: