Жұма, 27 желтоқсан, 23:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жыл басынан бері 434 қызылордалық жануарлардан зардап шекті

27.04.2023

627 0

Құтырма – осы вируспен зақымданған жануарлармен тікелей жанасу арқылы, тістеу немесе сілекейлеуі мен тырнауы нәтижесінде тері немесешырышты қабаттардың зақымдануымен берілетін аса қауіпті ауру.


Инфекция көзі-жабайы жыртқыштар, сондай-ақ үй жануарлары. Құтырма ауруының арнайы емі жоқ, бірақ уақытылы вакцина алумен алдын алуға болады. Сондықтан санитариялық дәрігерлер жануардың тістеуі немесе тырнауы кезінде зардап шеккен бойда медициналық көмекке жүгініп, дәрігер тағайындайтын екпені алу қажеттігін ескертеді.


Облыс бойынша 2023 жылдың 1-тоқсан қорытындысымен облыс тұрғындары мен жануарлар арасында аса қауіпті құтырма ауруы тіркелген жоқ. Дегенмен облыс көлемінде әр түрлі жануарлардың тістеуінен, тырнап, сілекейленуінен зардап шегіп, медициналық көмекке 434 адам жүгініп, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 51,3 құрады. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда зардап шеккендер саны 20%-ға артқан. Жарақат алғандардың 44,9% – 14 жасқа дейінгі балалар. Облыстық көрсеткіштен (51,3) жоғары деңгей Жаңақорған ауданы (56,0), Арал ауданы (53,7) мен Қызылорда (54,0) қаласында орын алды.


2023 жылдың 3 айында жарақат алып медициналық көмекке жүгінгендердің ішінде егуден бас тартқандар,егуді өз еркімен тоқтатқандар болған жоқ.


Медициналық көрсеткіштерге сәйкес жарақат алғандардың 2,7%ауруханаға жатқызылып ем алса, 53,2% шартты курс және 46,7% шартсыз курс бойынша екпе алды. Зардап шеккендердің 97,9% медициналық көмекке 0-4 күн ішінде жүгінсе, 1,4 %- 5-7 күн ішінде медициналық көмекке жүгінген. 1 жағдайда Жалағаш ауданында 15 күннен кейін медициналық көмекке жүгінген жағдай орын алды. Осы ретте тұрғындар есіне салғымыз келеді, дәрігерге неғұрлым ертерек жүгінсе, соғұрлым ауру қаупі төмендей түседі.


Сондай-ақ, дене жарақаттануының ауырлығына байланысты 12 науқас стационарлық жағдайда, «емдеу-алдын алу иммундау сызбасы» бойынша екпемен қатар, хирургиялық көмекті бірге қабылдаған.


Жануарлардан зардап шегушілердіңбасым көпшілігі, яғни 83,8% иттен жарақат алған. Сондықтан қолданыстағы ережелерге сәйкес иттерді байлауда, питомникте немесе қоршауда ұстау керек, серуендеуге қарғыбаумен шығару қажет. Үй жануарларының қаңғыбас иттермен және инфекция көзі болуы мүмкін жабайы жануарлармен байланысына жол бермеу маңызды.


Қалған жарақаттардың 12,6% – мысықтардан, 1,1%- жылқыдан, 10 жағдай -басқа жануарлардан(тышқан тұқымдастары) алған жарақаттар үлесінде болды. Зардап шеккендердің 58% ауылдық елді-мекен тұрғындары.


Құтырмаға шалдыққаннан кейін оның емі жоқ. Ауруды тек вакцинация арқылы болдырмауға болады. Профилактикалық егулер асқынуларсыз және жеңіл түрде өтеді. Вакцинация кезеңінде ақуыздар мен дәрумендерге бай күшейтілген тамақтану ұсынылады, суықта тоңудан, қызып кетуден, дененің шамадан тыс шаршауынан, сонымен қатар алкогольді ішімдіктерден аулақ болу керек.

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: