Бейсенбі, 26 желтоқсан, 14:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жыл сайын қазақстандық әйелдер жатыр мойны обырынан көз жұмады

16.01.2024

557 0

Сурет: massaget.kz

Елімізде жыл сайын «жатыр мойны обыры» диагнозы 1800 әйелден анықталады. Бұл туралы «ҚазҒЗИ онкология және радиология» АҚ Басқарма төрағасы Диляра Қайдарова айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«Жыл сайын «жатыр мойны обыры» диагнозы 1800 қазақстандық әйелге қойылады. Осы диагноздан бір жылда 600 қазақстандық қайтыс болды. Көрсеткіш жыл сайын төмендеп келе жатқанын көруге болады. Мәселен, 2020 жылы әлемде 1,3 млн-нан астам әйелге гинекологиялық қатерлі ісік диагнозы қойылды. Олардың шамамен 44 пайызы жатыр мойны обыры, 29 пайызы эндометриялық қатерлі ісік, 23 пайызы аналық без қатерлі ісігі және 5 пайызы жуығы – басқа гинекологиялық қатерлі ісік екені анықталды. 2020 жылы бүкіл әлемде 420 000 әйел гинекологиялық қатерлі ісіктен қайтыс болды», – деді Диляра Қайдарова.

Қайдарованың айтуынша, мұндай аурудың алдын алу үшін тұрақты скрининг пен тексеруден өтіп тұру керек. Онымен қоса, салауатты өмір салтын ұстау да қатерлі ісіктен қорғайды.

«Ісік ауыруын HPV қарсы вакциналау арқылы жеңуге болады. HPV вакциналары бүкіл әлемде шамамен 15 жыл бойы қолданылып келеді. Сол себептен уайымдаудың қажеті жоқ. Әлемнің 42 елінде қыздарды да, ұлдарды да вакцина беріледі, яғни гендерлік бейтарап тәсілі енгізілген», – деді басқарма төрағасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: