Бейсенбі, 23 қазан, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Зоонозды тұмау: өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады?

23.10.2025

59 0

Адам құс және басқа да зоонозды тұмау вирустарын жұқтырып алуы мүмкін. Олар – құс және шошқа тұмауы вирустары. Ауруды жұқтыру, негізінен, вируспен зақымданған жануарлармен тікелей байланыс арқылы немесе ластанған қоршаған орта арқылы жүреді.


Аурудың клиникалық белгілері
• зоонозды тұмауға шалдыққан кезде адамда жеңіл конъюнктивиттен бастап ауыр пневмонияға дейін әртүрлі белгілер пайда болуы мүмкін;
• дене қызуы 38°C және одан жоғары көтеріледі;
• жөтел пайда болады.
A(H5N1) вирусының инкубациялық кезеңі орта есеппен 2-5 күнге созылады, бірақ кейде 17 күнге дейін жетуі мүмкін. A(H7N9) вирусының инкубациялық кезеңі 1-ден 10 күнге дейін, орта есеппен 5 күнге созылады.
Ары қарай төменгі тыныс жолдарының зақымдану белгілері (ентігу, тыныстың қиындауы), асқазан-ішек бұзылыстары (диарея, құсу, іштің ауруы), мұрыннан немесе қызыл иектен қан кету, кеудеде ауырсыну секілді белгілерге ұласады.
Денсаулық нашарлаған жағдайда не істеу керек?
Аурудың алғашқы белгілері байқалғанда дереу дәрігерге жүгіну қажет. Ерте басталған ем қолайлы нәтижеге жету мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.


Зоонозды тұмаудың алдын алу шаралары
Ауру жұқтырып алу қаупін азайту үшін мынадай ережелерді сақтау маңызды:
• жеке шаруашылықтарда, базарларда және құстар көп жиналатын жерлерде (әсіресе су айдындарының маңында) құстармен байланыстан аулақ болу;
• үй құстарын тек өз аулаңызда ұстау;
• құс етін және жұмыртқаны рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмау, әсіресе құс тұмауы тіркелген аймақтарда;
• жұмыртқаларды мұқият өңдеу:

  • жылы 0,5% кальцийленген сода ерітіндісімен жуу,
  • кемінде 5 минут бойы салқын ағынды суда шаю,
  • таза ыдысқа салу.
    • термиялық өңдеу:
  • құс етін кемінде +70°C температурада пісіру,
  • жұмыртқаны кемінде 6 минут қайнату.
    • қауіпсіз су:
    • тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану.
    • дезинфекция:
    • адамдар көп жиналатын жерлерде және көлікте вирустарға қарсы дезинфекциялық құралдарды қолданып, жиі ылғалды жинау.
    Медицина мамандары ұсынған сақтық шараларын ұстанып, өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды қорғаңыз! Алдын алу шараларын сақтау – қауіпті аурулардың алдын алудың сенімді жолы.

Әлия Әбдіқайымова Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: