Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекет қаржысының белгіленген мақсатқа сәйкес жұмсалуына аудит жүргізеді. Олардың басқа мақсатқа пайдалануының жолын дер кезінде кеседі, мемлекет есебінен тіршілік етудің кез келген көріністері мен сыбайлас жемқорлықтың түбіріне балта шабады. Соңғы 6 ай көлемінде ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен барлығы 57 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Департамент қарауына өтініштер мен шағымдар көптеп түседі. Олардың дені мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша және еңбек ақы есептеу, құрылыс саласындағы заң бұзушылықтарға қатысты. Бұл туралы ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ербол Күзембаев мәлімдеді.
– Өздеріңізге белгілі Ішкі мемлекеттік аудит органдары Мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуына бақылау жүргізетін уәкілетті орган болып табылады. Департамент тарапынан, мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы барлығы 57 нұсқама жолданып, оның 36-сы толығымен орындалса,қалған 21 нұсқаманың орындалу мерзімі келмеген.
Яғни, алдағы уақытта олардың толық орындалуы қатаң бақылауға алынатын болады. 2024 жылдың І жартыжылдығында білім беру ұйымдарында артық еңбек ақы аудару және нақтысында жұмыс жасамайтын тұлғаларға еңбек ақы есебінде ақша қаражаттарын аудару бойынша бұзушылықтар анықталып, олар бойынша 3 мемлекеттік аудит материалдары құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға жолданды”,- деді Ербол Қабаштайұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!